«Достар» КВН лигасының финалы

Жаңалықтар

27 қараша күні Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда көптен күткен облыстық «Достар» КВН лигасының финалы өтті. Лиганың басынан бері фестивальға 22 команда қатысты және осы командалардың 4-уі күрделі жолдан өтіп, ақтық кезеңге өтті.

Ойынның финалисттері болып:

  • А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ «DENDY» КВН командасы
  • «Қостанай ауданының құрамасы» КВН командасы
  • «Час пик» КВН командасы Қамысты ауданы
  • «Починки» КВН командалары атанды

Қатысушылар өз әзілдерін, актерлік шеберліктерін 3 байқауда көрсетті:

  • «Сәлемдесу»
  • «СТЭМ»
  • «Музыкалық нөмері».

Командаларды келесі білікті қазылар алқасы бағалады:

  • Капенова Гульмира – облыстық мәслихатының депутаты, «BESTkz» білім және туризм орталығының директоры»;
  • Абиль Еркин – Тарих ғылымдарының докторы, облыстық мәслихат депутаты, КВНщик;
  • Смагулов Данияр – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
  • Жетписбаев Дидар – КВНщик;
  • Ибраев Азамат – әнші, жүргізуші, облыс шоумэны;

Командалардың ойындары аяқталғаннан кейін, қазылар алқасы шешім қабылдау кезінде Жоғары МС КВН лигасының қатысушылары, біздің жерлестеріміз «Коргалджино құрамасы» және «Снежнегорск құрамасы» командаларының авторлары мен актерлері көрермендердің көңілдерін көтерді.

Мәжілістен кейін қазылар алқасы марапаттауды бастады. Жеке есепте қазылар алқасы «Үздік актриса» номинациясында Дарина Калимжанованы («DENDY» КВН командасы), «Үздік актер» номинациясында Байболат Сегізбаевты («Починки» КВН командасы), «КВН аруы» номинациясында Бисембай Ақжанды («Час Пик»КВН командасы), сондай-ақ «КВН мистері» номинациясы бойынша актерлер лигасының ең жас қатысушысы, «Қостанай ауданының құрамасы» КВН командасының мүшесі Мирхайдаров Жансултанды атап өтті.

Ойын қорытындысы бойынша 3 орынды «Қостанай ауданының құрамасы» КВН командасы, 2 орынды «Час пик» КВН командасы (Қамысты ауданы) иеленіп, және «Достар» облыстық КВН лигасының чемпионы болып «Починки» КВН командасы атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған