Жастардың алтын кітабы – 2019 лауреаттарын салтанатты марапаттау Қостанай облысында Жастра жылының ресми жабылуына айналды

Жаңалықтар

Қостанай облысы жастарының Алтын кітабы – 2019 лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Жастар сарайы қабырғасында өтіп, аймақтағы Жастар жылының ресми аяқталуы болды.

Іс-шараға өткен жылдардағы жастардың Алтын кітабының лауреаттары, Қостанай облысының басшылығы, белгілі қоғам қайраткерлері, жастар көшбасшылары қатысты.

Жастар жылы жастар бастамалары мен тұтас алғанда облыстың жастар саясатына жаңа серпін берді. Биыл көптеген жаңа жобалар мен бастамалар іске асырылды.

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов өзінің алғы сөзінде атап өткендей,  – «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев қуатты Қазақстан құрудың  басты бағыты – бәсекеге қабілетті жастар буыны деп айтқан болатын,бұған Тұңғыш Президенттің Жастар жылын өткізу туралы бастамасы дәлел болды. Жастар жылын қорытындылай келе, біздің өңіріміздеалға қойылған міндеттер табысты жүзеге асырылуда.Айта кетсем, бұл тұрғын үймен қамтамасыз ету, тегін кәсіби-техникалық білім беру, бизнесті дамыту мен стартап жобаларды қолдау және т.б.».

Айта кету керек, жастар жылында Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының лауреаты атағына үміткерлер саны екі есеге артып, 200-ге жуық адамды құрады.

Бір ай ішінде комиссия мүшесі ең лайықты дегендерді таңдап, іріктеу қорытындысы бойынша Алтын кітапқа халықаралық және республикалық деңгейдегі ерекше жетістіктерге жеткен және мемлекеттік және өңірлік жастар саясатын іске асыруға еңбегі сіңген жастардың 11 өкілі есімі енгізілді.

Осы күні өткен жылдардағы «Алтын кітаптың» лауреаты Темірлан Шадукаев жеке атап өтілді. Жуырда Будапешт қаласында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында қостанайлық қола жүлдегер атанды. Ол облыс әкімінің қолынан екі бөлмелі пәтерге сертификатқа ие болды.

Қостанай облысы жастарының алтын кітабы-басқа аймақтарда теңдесі жоқ бірегей жоба. Жыл сайын спортта, медицинада, білім беруде, мемлекеттік қызметте, журналистикада және басқа салаларда ерекше көзге түскен жастардың үздік өкілдері осы сыйлықтың лауреаттары атануда. 2005 жылдан бастап жастардың Алтын кітабына 206 есім енгізілген болатын, осы жылы тағы бір мәрте 11 есіммен толықты.

 

2019 жылғы Қостанай облысы жастары Алтын кітабының лауреаттары

  1. «Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін (жас педагогтар)» номинациясында – Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы (жас педагог, халықаралық және республикалық педагогикалық шеберлік конкурстарының лауреаты).
  2. «Спорт саласындағы жетістіктері үшін» номинациясында – Қабыл Тұрсынай Тұрарқызы (пауэрлифтинг тен халық аралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін жүлдегер және республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы).
  3. «Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» номинациясында – Уварова Анна Сергеевна (халықаралық және республикалық вокалдық конкурстардың лауреаты және жеңімпазы, мультипликация және көркем сурет бойынша конкурстардың жүлдегері).
  4. «Журналистика саласындағы жетістіктері үшін» номинациясында – Иванова Маргарита Вадимовна (қоюшы-режиссер, автор, сценарист, қалалық, аймақтық, республикалық іс-шаралардың, фестивальдардың, театрландырылған көріністердің, форумдардың, концерттік бағдарламалардың, қалалық бұқаралық іс-шаралардың қатысушысы).
  5. «Еріктілер саласындағы үлесі үшін» номинациясында – Зюванова Мария Юрьевна (волонтерлік ұйымның жетекшісі, «Алтын жүрек» номинациясы бойынша «Жыл әйелінің» құрметті атағы бар).
  6. «Жастар кәсіпкерлігін және Startup жобаларын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Танатбаев Айбек Мырзағалиұлы (болашағы зор кәсіпкер, аудан әкімінің және облыс әкімінің грамоталарына ие).
  7. «Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Оспанов Батыр Төремұратұлы («СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Агромашхолдинг KZ» ақ машина жасау кәсіпорындарының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы).
  8. «Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Дүйсеков Абай Хасенұлы («ЖасStar» ҚБ төрағасы, «Нұр Отан» облыстық партиясы филиалының мүшесі, Қостанай облысының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің мүшесі).
  9. «Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Мурсалина Наталия Юрьевна (Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің «2019 жылдыңүздік мемлекеттік қызметшісі»).
  10. «Облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – Исмаилов Батырхан Мұратбекұлы (М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы санаторийінің фтизиатр дәрігері).
  11. «Жас батырлар» номинациясы – Сычугов Алексей Юрьевич (2019 жылы 4 жасар ауыр науқас балаға бауыр доноры болды. Алексей өз- өзін батыр деп санамайды және өзінің әрекеті туралы көп әңгімелеп айтпайды).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған