Жатақханаларда тұру жағдайларының мониторингі

Жаңалықтар

«Студенттік қозғалыс, идеялар және жобалар қызметтерін дамыту бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде қазіргі уақытта Қостанай облысының жоғары оқу орындары студенттерінің жатақханаларда тұру жағдайына, сондай-ақ студенттік асханалардың жағдайына мониторинг жүргізіледі.

«Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жас Star» ҚБ, «Қайырымдылық Лигасы» волонтерлік штабының өкілдері құрамындағы жұмыс тобы тұру және тамақтану жағдайларымен бірге жатақханаларда тұру орны мен құнын, асханадағы тамақтану құнын анықтап, студенттердің пікірлерімен танысты.

Қазіргі уақытта акция аяқталу сатысында, қараша айының ортасында жарияланатын мониторингтің алдын ала қорытындылары шығарылуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған