Соңғы курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі

Жаңалықтар

2019 жылдың 31 қазанында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бітіруші курс студенттері үшін іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Облыстық экономика, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Департаменті, сондай-ақ Қостанай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының және Қостанай облысы бойынша «Даму» аймақтық филиалының өкілдері мемлекеттік қызметке кіру, «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Бизнес-кеңесші», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері мен шарттары туралы айтып өтті, жеке «Жас кәсіпкер» жобасы қаралды.

Іс-шара «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қолдауымен өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған