Ардақ Назаров пен Аңсар Дәулетбаев Қостанайдың студент жастарымен кездесті

Жаңалықтар

Қазіргі замандастардың ерлік істерімен танысу, мәдениетке және ақыл-ой еңбекке баулып, өскелең ұрпақтың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға және тәрбиелеуге ықпал етеді. Дәл осы құндылықтар «Болашаққа бағдар»: «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту» бағдарламалық мақаласымен анықталған.

2019 жылғы 28 және 29 қазанда панкратионнан үш дүркін әлем чемпионы (ережесіз жекпе-жек), Азияның абсолюттік чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, бокстан спорт шебері, джиу-джитсу бойынша үшінші дан иегері Ардақ Назаров және ММА кәсіби палуаны Аңсар Дәулетпаев Қостанай облысына барып, жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесулер «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ, «Атамекен» ҰКП Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ негізінде өтті.

Іс-шара барысында спикерлер студенттермен Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқының рухани және мәдени құндылықтарын қолдаудың маңыздылығы, белсенді өмірлік ұстанымды ұстану, қойылған мақсаттарға жету жолдары туралы әңгіме қозғады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған