Қостанайдың ЖОО студенттік командалары арасындағы спорттық «Достық эстафетасы»

Жаңалықтар

Қостанайдың ЖОО студенттік командалары арасындағы спорттық «Достық эстафетасы» а.ж. 26 қазаны күні М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ спорт кешенінде өтті.

Жарысқа М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және ЧелМУ Қостанай филиалының студенттері қатысты. Ұлдар мен қыздар жылдамдыққа, күшке және ептілікке жарысты.

Барлық қатысушылар өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ынталарын көрсетті. Нәтижесінде бірінші орынды ЧелМУ студенттері, екінші орынды М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ, ал үшінші орынды Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері иеленді. Жарыснағыз спорт, денсаулық және жастық мерекесі болды.

Аталған іс-шара «Жастар арасында діни экстремизмді, деструктивті ағымдарды алдын алуға бағытталған жобасы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ тапсырысымен «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ ұйымдастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған