Қостанай облысында алғаш рет «Полилог 2019» бір сөйлеу байқауы өтті

Жаңалықтар

2019 жылдың 25 қазанында Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдауымен «Жас Star» қоғамдық бірлестігі өңірде алғаш рет «Полилог 2019» бір сөйлеу байқауын өткізді.

Байқау ағымдағы жылдың тамыз айында ашылған А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің сандық Хабының базасында өтті. Байқауға Қостанай облысының жеті жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар сөз сөйлеудің тақырыбын және нөмірін байқау өткізілетін күні кездейсоқ жеребе әдісімен тіркеу кезінде білді. Дайындыққа аз уақыт өткеннен кейін, қазылар алқасы мен көрерменді өз әділдігіне сендіру үшін, өнер көрсетуге 5 минут қана уақыттары бар.

«Мұндай форматтағы конкурстар Америка мен Еуропаелдерінде  сәтті өтуде. Қостанай облысында КВН, дебаттар, TEDex сияқты жастар қозғалысы белсенді дамып келе жатқанымен, облыстық деңгейдегі бір сөйлеу байқауы біздің өңірде алғаш рет өткізілуде» – деп облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Евгений Бедыч сұхбат береді.

Үш сағатқа жуық қатысушылар өзекті экономикалық, саяси үдерістерді білуде және актерлік шеберлік бойынша бақ сынасты.

Нәтижесінде, қазылар алқасының шешіміне сәйкес, жеке есепте құрмет тұғырының орындары келесідей бөлінді:
I орын – Куекесова Гульжанар (Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ)
II орын – Кирсанов Вадим (Рудный индустриалдық институты)
III орын – Усанина Виктория (А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ)

Командалық есепте:
I орын – А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ
II орын – Рудный индустриалдық институты
III орын – Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған