Қостанай жоғары оқу орындары арасындағы Көңілді старттар

Жаңалықтар

2019 жылғы 26 қазанда М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ спорт залының базасында Қостанай қ. жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік өзін-өзі басқару өкілдері қатысқан «Көңілді старттар» спорттық сайысы өтті.

Іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ қолдауымен «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ өткізді. Ұйымдастырушылар жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару ұйымы арасындағы бірлікті дамыту, студенттік жастардың күнделікті тұрмысына дене шынықтыру мен спортты енгізуді мақсат тұтты.

Команда 7 кезеңнен өтті: «Эстафеталық таяқшамен тегіс жүгіру», «Құрсаумен Эстафета», «Аяқпен допты беру», «Құрсаумен киіндіру», «Репка», «Картопты отырғызу», «Өнімді жина».

Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар мен командалар грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған