Жастар арасында діни экстремизмді, деструктивті ағымдарды алдын алу бойынша ЖОО студенттері арасынан АТТ-мен кездесу

Жаңалықтар

Жастар арасында діни экстремизмді, деструктивті ағымдарды алдын алу бойынша ЖОО студенттері арасынан АТТ-мен кездесу 2019 жылдың 21 қазанында «Bilim ortalygy» қабырғасында өтіп, соңғы іс-шаралардың бірі болды.

Іс шара «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері дөніндегі басқармасы» ММ қолдауымен «Қостанай олысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ іске асырған «Жастар арасында діни экстремизмді, деструктивті ағымдарды алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында өтті.

Студенттер арасынан белсенділер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің негізгі құралдарымен танысты, дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері пайдаланатын тарту әдістері мен осындай ұйымдарға кірудің қайғылы салдары туралы біліп, сонымен қатар күмән тудыратын хабарландырулар мен жарнамалық жазбалардың мысалдарын іс жүзінде талдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған