Басқарма басшылығы

Басқарма туралы

ЖҰРҚАБАЕВ МАРАТ КЕНЖЕБЕКҰЛЫ

Марат Кенжебекұлы 1976 жылдың 10 қыркүйегінде Қостанай облысы Семиозерный ауданының Семиозер ауылында дүниеге келді.

1998 жылы Арқалық педагогикалық институтын тәмамдады, дене шынықтыру мұғалімі, 2007 жылы – Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтады, есеп және аудит бакалавры.

1998 – 2002 жж. – Спорт ұйымдарында жаттықтырушы болып жұмыс жасады.

2003 – 2009 жж.  – Қостанай әлеуметтік – техникалық университетінің оқудан тыс жұмыстары бойынша проректоры,  «Достық» спорт клубының мұғалімі, директоры болып қызмет жасады.

2010 жылы – Қостанай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы лауазымында болды. Сонымен қатар алдыңғы жылдары Қостанай және Лисаков қалалары әкімдерінің орынбасары, Қостанай ауылшаруашылық және Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры қызметтерінде болды.

2014 -2016 жж. – «Социум &Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2018 жылдың маусым және тамыз айлары аралығында – арнайы тексеріс нәтижелеріне дейін Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Қыркүйектен қазіргі уақыт аралығында – Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасының басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған